Версия для печати

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ АЛДЫ

Болашақ заңгерлер енді кәсіби полиция қызметкерлерінен сабақ алады.

 Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу бөлімінің қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық» факультетінің студенттерімен сабақ өткізуді жалғастыруда.  

Қылмыстық істі сәтті ашу үшін оқиға болған жерді қарау алғашқы және кең тараған тергеу әрекеттерінің түрі. Тұлғаға қарсы аса қауіпті қылмысты тергеу дәл осы оқиға болған жерді қараудан басталады. Елеусіз болып көрінетін бөлшектің өзі істің маңызды дәлелі бола алады. Дәл осы аспект «Оқиға болған жерді қарау өндірісі» тақырыбында өткен практикалық сабаққа арналды. Оны полиция майоры Әлібек Рысбаев жүргізді. Нақты жағдайлар ойнатылды. Куәгерлер рөлінде ойнаған студенттер тергеу ісі барысымен танысып, бастарынан кешкендей болды.  

Тергеу басқармасы қызметкерлерінің жұмысында инспекциядан басқа кеңсе жұмысы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан сабақ барысында болашақ заңгерлерге тергеу құжаттарын: хаттаманы, түсіндірме жазбаны, қаулыны қалай дұрыс рәсімдеу керектігі түсіндірілді. Студенттер жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеу нені білдіретінін де білді. Сабаққа қатысушылар сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап алып, қызықты практикалық сабақ үшін алғыс айтты.                                                                                               

САБАҚ2x                                                                                                                                                                   

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1198 раз