15 cәуір -Қозы Көрпеш- Баян сұлу күні: мөлдір махаббат тарихы

15 сәуір - Ғашықтар күні. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер жандар жетерлік. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық. 

Толығырақ

Құттықтаймыз!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының ұжымы кафедраның аға оқытушысы Ораз Гулзат Тайырқызын 8D076-«Стандартизация және сертификация» бағыты бойынша «Өндіріске тиімді сапа жүйесін және сиыр еті классификациясын халықаралық стандарттар талаптарымен әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды.

Жұмыс КЕАҚ Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Диссертациялық кеңесінде 2023 жылдың 25 желтоқсаны күні қорғалды (ғылыми консультанты т.ғ.д., профессор Оспанов А.Б., шетелдік ғылыми консультанты т.ғ.д., профессор Семенова А.А.).

Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен ғылым жолындағы жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Алға қойған мақсаттарыңыздың барлығы орындалсын!

Толығырақ

«ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ, ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП КҮН БОЛАМ ... » СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «6В05314-Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам ... » атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кеште 2 курс студенттері Кенжеева Оксана және Шәкір Әлия Сұтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық ғұмырнамасын бейнематериалдар мен фото-шежіре слайдтармен баяндап берді.

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курсы өтті

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының 2023-2024 оқу жылындағы жоспарына сәйкес 2023 жылдың қараша айының 14 мен 24 аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология», «Химия және биология» және «Текстиль, материал тану және стандартизация» кафедраларының оқытушылары арналған «Аналитикалық химия» курсы өткізілді. Бұл курсты «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған професоры, т.ғ.к. Сейтбекова Гульназия Аташбековна жүргізді.

Курстың мақсаты – аналитикалық химияның классикалық және заманауи аспаптық әдістерін, тәжірибелерді орындау әдістемесін және талдау әдістері мен нәтижелерін метрологиялық бағалау әдістерін оқу.

Толығырақ

Экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды

2023 жылы 8-ші желтоқсанда «Химия және химиялық технология» кафедрасының ббб 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» 1 курс  студенттерінің ұйымдастыруымен «Діни қауіпсіздік экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық кураторлық сағаты дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты: жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру, діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету, әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю және жастардың діни ой-санасын дұрыс бағытқа бұру.

Толығырақ

Кәсіби бағдар жұмыстары

2023 жылдың желтоқсан  айының 7 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының PhD докторлары Г.Джумабекова, Б.Абзалбекұлы және аға оқытушылары  Л.Юсупова , А.Байдильдаева  Жуалы ауданындағы, Б.Момышұлы ауылының Д.Қонаев атындағы №10 мектеп- гимназиясына, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясына,  №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебіне, А.Бөкейхан атындағы №15 лицей –мектебіне, №2 Мыңбұлақ орта мектебіне 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

Толығырақ

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

30 қараша күні «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының 1 курс В23ТИППП-1,3 студенттері мен бірге көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Кең - байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін».

Толығырақ

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ Ш. НИЯЗБЕКОВКЕ 85 ЖЫЛ

Қылқалам шебері, даңқты суретші Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы туғанына  85 жыл толуына орай, 2023 жылдың 8-ші қазанында Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымд. профессор А.Б. Мынбаеваның және «6B07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен ұйымдастыртырылған «Қылқалам шебері Ш. Ниязбековке 85 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Осы тұрғыда  «26»  10  2023 ж. күні В20ТИППП-1 топ студенттері мен Рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихы туралы ашық кураторлық сағат өткізілді. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2023-2024 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының В23 ТИППП-1,3  тобының білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.

Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

Толығырақ

Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қараша айының 21 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары доцент Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушылар Касымова Галия Аскербековна, Абутова Райхан Джурабаевна Тараз қаласындағы И.Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

Толығырақ

Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қараша айының 22 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушы Юсупова Лаура Халидовна Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясына, №1 мектеп-гимназиясына, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясына, Сарыкемер мектеп-гимназиясына, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру

2023-2024 оқу жылының  23 қарашасында  «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Тараз қаласының «Өнер мектебі» білім алушылармен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Өнер мектебінің» директоры және 15 білім алушылары.

Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Қызығушылық танытып келген 15 білім алушылардың барлығы Дулати университетін таңдағанын туралы айтты. Кафедра оқытушылары Дизайн мамандығының әр бағыты бойынша ақпарат берді: мамандықтың бүгінгі күнімен болашағы, ерекшеліктері, диплом алғаннан кейін жұмысқа тұру мүмкіндіктері,  шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру

2023-2024 оқу жылының  22 қарашасында  «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының орта мектептерін бітіруші оқушыларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жамбыл ауданының 11 сынып оқушыларынан 48 бала және 3 сынып жетекшілері қатысты.

Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Дулати университетін таңдаған оқушыларға шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері туралы ақпарат берілді. Соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.

Толығырақ

«ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ОЙШЫЛ, ФИЛОСОВ М.Х. ДУЛАТИ» М.Х.ДУЛАТИДІҢ 525 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «6В05314-Химия» және «6В07115-Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен халқымыздың тұңғыш тарихшысы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттау және «Тұлға» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы ғалым, ойшыл, филосов М.Х. Дулати» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Шараның өту барысында 2-курс студенттері Ұзақбай Жандос және Кенжеева Оксана Шығыс тарихшыларының дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолын баяндап, “Химия және химиялық технология” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.А. Сейтбекованың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне ролигі тыңдармандардың назарына ұсынылды.

Толығырақ

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тұрақтылықтың кепілі

Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленуде.

ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл құбылыс ақпаратты онлайн таратудың тиімділігі мен ыңғайлылығына, географиялық шоғырлануына қарамастан ауқымды аудиторияны қамту мүмкіндігіне ие болып тұр. Сондықтанда жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады. Осыған орай 2023 жылдың 13 қарашасы күні Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға кураторы Саят Әлішеіқызы Мамешова мен аға оқытушы, магистр Роза Рыскелдіқызы Баданованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу өтті.  Кездесудің мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде түсіндіу. Кездесуге Дулати университетінің Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2,4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында тақырып жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп,  жастардың интернет желісінде экстремистік материалдарды тануға және оларға қарсы тұруға бағытталған келелі ойлар ортаға салынып, тың ақпараттар айтылды. Кездесу өте жоғары дегейде өтті. Іс-шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Толығырақ

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары

2023 жылдың 10 қарашасында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара екі бағыт бойынша жүргізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл»  және «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл».

Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али,  полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович және де «6В07511-Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», «6В07116-Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «6В07211-Инновациялық текстиль»,  «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.

Толығырақ

«Шакен Ниязбеков - 85 жылдық мерей тойы»

Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. Даңқты суретші Шәкен Ниязбеков көзі тірі болғанда бүгін 85 жасқа толар еді. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан байрағымызды президенттер сүйіп, ант береді, тағзым етіп бас иеді. Спортшыларымыз төрткүл дүниені мойындатқан сәтте жалауымыз желбірейді.

Студенттердің арасында азаматтық патриоттық тәрбие нығайту мақсатында 23 қазан күні, Технологиялық факультет, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушы Л.Х.Юсупова, доцент Г.Б.Джумабекова және оқытушы А.К,Байдильдаеваның ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.

Толығырақ
Top