ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ

Файзова Эльмира Ричардовна

Инновация және кәсіпкерлік орталығының басшысы

э.ғ.к., доцент м.а.

Қызмет бағыты

Орталықтың миссиясы - заманауи әдістер мен құралдарды қолдана отырып кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау.

Орталықтың мақсаты - экономикалық дамуға және өркендеуге ықпал ететін білімдері мен кәсіпкерлік дағдылары бар мамандарды даярлаудың аймақтық көшбасшысы болу.

Құндылықтар:

  • білімді құру, сақтау және тарату культіне негізделген университеттік дәстүрлер;
  • кәсіпқойлық;
  • оқытудың озық әдістері мен құралдары;

Орталықтың стратегиялық бағыттары:

  • кәсіпкерлік білім берудегі көшбасшылық - инновациялық қабілет және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру үшін оқыту мен консультациялық процестердің сапасы;
  • инновациялар диффузиясындағы көшбасшылық - кәсіпкерлік білім беру саласындағы іс-әрекеттің кеңдігі, инновацияларды жинақтау және тарату, оның ішінде ғылыми-техникалық білімді беру және инновациялық идеялар мен өнімдерді алға жылжыту арқылы.

Орталықтың мақсаттары:

  • студенттердің инновациялық және кәсіпкерлік дағдыларын нығайту, кәсіпкерлік жіне инновациялық жүйелер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар студенттерге, оқытушыларға және барлық жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған тренингтер / семинарлар мен бизнес-кеңестер өткізу;
  • жаңадан бастаған кәсіпкерлердің өз бизнесін жүргізу қабілетін бағалау және жаңа бизнес-идеяларды ұсыну бойынша инновациялық  құзыреттіліктерін бағалау әдістемесін енгізу;
  • тәлімгерлік институтын құру және дамыту;
  • аймақтағы және елдегі инновация мәдениетін арттыру;
  • инновациялық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды оқытумен айналысатын барлық аймақтық құрылымдармен Орталықтың күш-жігерін шоғырландыру;
  • педагогиканың инновациялық әдістерін қолдану және тарату;
  • ұлттық және халықаралық ұйымдармен, қорлармен және бағдарламалармен өзара әрекеттесу арқылы оқытушылар мен студенттердің іскерлік білімін нығайтуға ықпал ететін бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу;
  • университеттің инновациялық әлеуетін ғылыми-әдістемелік қолдау және ақпараттық қолдау.
Қызметкерлер
Садуакасова Салтанат Есенгалиевна

Қызметі: Инновация және кәсіпкерлік орталығының маманы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Top