Тараз мемлекеттік университетінің негізі 1958 жылы облыс орталығында ашылған  ҚАЗАҚ ХИМИЯ ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ филиалынан бастау алады. Аталған жоғары оқу орны облыс орталығындағы қант, ет комбинаттары, «Жамбыл аяқ киім фабрикасы» сияқты жеңіл және тамақ өнімдері өнеркәсіптерін мамандармен қамтамасыз ету мақсатында өмірге келді.

Институт филиалы ашылған күннен бастап облыстың, оңтүстік өңірінің, тіптен республикамыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалының дамуына септігін тигізетідігін көрсетті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында дайындалған мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет ете бастады. Жоғары оқу орны дайындайтын мамандарға республикамыздың әр аймағынан сұраныс көбейе түсті. Осыған байланысты 1963 жылы филиал ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ретінде шаңырақ көтерді.

Институттың бірінші ректоры болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент ХАМЗА СЕЙІТҰЛЫ СЕЙІТОВ тағайындалдыИнститутта 3 факультет, 114 оқытушы, 1600 студент болды. Бұл алғаш шаңырақ көтерген жоғары оқу орны үшін үлкен жетістік болатын.

Top