КОНКУРСТАР ЖӘНЕ ГРАНТТАР

Ғылыми зерттеулерді дамыту үшін қаржы ресурстарын тарту тәсілдерінің бірі - ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін оқытушылар құрамының конкурстарға қатысуы.

Жыл сайын іс жүзінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы, сондай-ақ басқа министрліктер, ведомстволар мен ұйымдардың қызметі шеңберінде конкурстар ұйымдастырылып, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға гранттар беру үшін өткізіледі.

Соңғы үш оқу жылында университеттің профессор-оқытушылар құрамы 11 ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, 75 ғылыми жоба ұсынды.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы келесі конкурстар:

1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру;

2) Ғылыми зерттеулерді бағдарламалы-бағдарлы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар конкурсы, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының басқа да ведомстволары үш жылда бір рет өткізілетін конкурстар;

3) ҚР БҒМ Даму және Қайта құру Халықаралық Банкімен бірлесіп өткізген ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау үшін ҮҒҚ және КҒҚ топтары үшін гранттарға арналған конкурстар;

4) «Ғылым қоры» АҚ өткізетін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстары;

5) «Ньютон-Әл-Фараби» қорының «Институционалдық байланыстар» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания ұйымдарының қатысуымен гранттарға арналған конкурстар.

Университет оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша әр-түрлі конкурстардың жеңімпаздары болды.

2017-2018 оқу жылында мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындау конкурсында 3 оқытушы (Орынбаев С.А., Абзалбекулы Б., Молдамуратов Ж.Н.) жеңімпаз болды.   1

2018-2019 оқу жылында 2 оқытушы (Сағындықов А.А., Әбдешев Қ.Б.) мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындау конкурсында жеңімпаз атанды.

2
3

Біздің жеті әріптесіміз (Қожабеков С.С., Үсенбаев Б.У., Шилибек Қ.Қ., Бекмұратов М.М., Жидекулова Г.Е., Амалбекова Г.Е., Масалимова Б.К.) ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2017» жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары атанды.

4

Сегіз оқытушы (Жүнісбеков С.С., Тілебаев М.Б., Тілегенов И.С., Орынбаев С.А., Молдашева А.Б., Үсенова С.М., Нұрлыбаева А., Абзалбекұлы Б.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы «Университеттің үздік оқытушысы - 2018» байқауының жеңімпаздары атанды,

5

2018 жылы ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлықтар үшін ҚР БПҰ - Елбасы байқауында Шевцов Александр Николаевич лауреат болды.

6

Сегіз оқытушы (Зияева Г.К., Сексенбай М.Ж., Наурызбекова А.Е., Керимбекова Р.Қ., Мамырханова Ж.Т., Матниязова Г. К., Манапбаев Б.Ж., Молдамуратов Ж.Н.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жыл сайынғы «Университеттің үздік оқытушысы - 2019» байқауының жеңімпаздары атанды.

7

«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы «4» желтоқсандағы № 517 бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновнаға жетекші ғалым ретінде мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.

8
Top