ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

«Ұстаз» институты «Көркем графика және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен Көне Тараз этно-мәдени кешенінде «Ұлы даланың қолөнер шеберлері» атты облыстық сәндік қолданбалы өнер көрмесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты- тарихи санамызды жаңғырту, мектеп және колледж бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдарды жандандыра отырып, «Ұлы Дала» өркениетінің зор қуатын мен эстетикасын әйгілейтін, сонау көне тарихтан бастау алатын жәдігерлер мен сәндік қолданбалы қолөнер, бейнелеу өнерін жастарға дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын бекіту.

Көрмеге қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері және  «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжі,«Асыл» дизайн сән үйі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған университет Басқарма-төрағасы м.а. э.ғ.д,. профессор Ержан Әмірбекұлы жиынның маңыздылығына тоқталды. Университет оқытушы-профессорларын ел танитын халықаралық дәрежеге жеттік. Мұның барлығы біздің мамандардың жастарға беретін өнегелі істерінің бірі екенін айтып, қонақтарға алғысын айтты.

Келесі сөз кезегін алған облыстық мәслихатының хатшысы, п.ғ.д,. академик Махметғали Сарыбеков Егемендігіміздің 30 жылдығы және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті. Осы орайда алтын кітапқа есімі енген Қытай Халық Республикасының университеттерімен байланыс орнатқан Жамбыл облыстық «Құрмет» грамотасымен профессор Мухамет- Умар Паншаев марапаталды.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров қоғамға білімді, ізденімпаз, мақсатшыл мамандар әрдайым қажет екенін айтса, Тараз қаласының суретшілер одағының басшысы Елена Владимирова университет ұстаздарына түлектердің алғысын жеткізді.

Ары қарай көрмені тамашалауға қатысқан жандар ұлтымыздың бірегейлігі мен тұтастығын сақтап тұрған ұлттық нақыштағы өнер туындыларымен танысты. Заманауи өнер туындылары бір арнада тоғысып, қазақ халқының мәдениетін асқақтатты.

көрме3dexкөрме4xКөрме1x

Медиа-қызмет

Прочитано 1034 раз
Top