ЖАСТАРДЫҢ БИ ЖАРЫСЫ

Дулати университеті «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында «DANCE STAR 2021» атты би жарысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылығын қолдау, дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, жастар арасында заманауи би бағыттарын дәріптеу және дамыту.

Жарысқа «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты, «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінен «NLB» би тобы және «Технологиялық» факультетінен «Doberman» би топтары бақ сынады.

Аталған байқау екі кезеңнен тұрды. Басты кезеңде командамен билесе, екінші кезеңде әр командадан бір қатысушы Батл-ға шығып, кез-келген әуенге өз өнерлерін көрсетті.

Екі сағатқа созылған тартысты би бәсекесінің қорытындысы бойынша I орын «Технологиялық» факультетінен «Doberman» би тобы иеленсе, II орын «Су шаруашылығы» институты алды,ал  III орынды «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінен «NLB» би тобы иеленді.

Жарыс соңында қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

222ex22222ex

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1084 раз
Top