DULATY УНИВЕРСИТЕТI БҮЛДIРШIНДЕРДI ТӨЛ МЕРЕКЕСIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз ɵңiрлiк университетi, Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бɵлiмi Тараз қаласындағы №4 арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына барып əлеуметтiк кɵмек кɵрсеттi.

Қоғамның құндылығы, тəуелсiз таңымыздың символы дəл осы бүлдiршiндердiң күлкiсiнде екендiгi ақиқат.

Осындай ұстаныммен жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бɵлiмiнiң басшысы Наурызбаева Зəуре Алтынбекқызы бастаған бɵлiм қызметкерлерi, докторанттар мен магистранттар игi iске мұрындық болды.

Бүлдiршiндердiң тɵл мерекесiне орай əлеуметтiк кɵмек кɵрсеткен бɵлiм аталмыш мекеме ұжымына жүрекжарды игi тiлектерiн бiлдiрiп, қуаныштарына ортақтасып қайтты.

Жас ұрпақтың жанарына қуаныш сыйлап, болашағына сенiм бiлдiру əркез ұлт мiндетi бола бермек. Игi бастама дəстүрлi түрде жыл сайын ɵз жалғасын тауып келедi. Осындай шара қарсаңында қолдау бiлдiрген əрбiр жанға алғыс айтамыз!
Балаларды қорғау күнi құтты болсын!

Қанат Көркемжан

7М01723-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын

даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты

Прочитано 905 раз
Top