ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздерде – халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр. Сондықтан ол отансүйгіштік сезімнің бастау көзі болып табылады.

1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. Осы жылдан бастап тойланып келе жатқан бұл мереке ешқашан өз өзектілігін жоғалтқан емес.

Осы орайда университетіміздің профессор-оқытушылар құрамының орындауында технологиялық кешенде мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды. Жиынға қатысушы ұстаздарымыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып «Ашық» қосымшасы арқылы кіріп, карантиндік талаптарды сақтады.

Ұстаздарымыз жасаған игі істі студенттеріміз тікелей эфирден көріп тамашалай алды. Ұлттымыздың ұлт болып қалыптасқанының белгісі болған рәміздер күні баршамызғы құтты болсын!

Көк байрағымыз желбіреп, Елтаңбамызды әлем танып, Әнұранымыз асқақтай берсін!


Медиа-қызмет

Прочитано 1130 раз
Top