АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Еуропалық жоғары оқу орындарында оқуға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында конкурс жарияланады

Қатысу үшін өтініштер мен қажетті құжаттарды 2021 жылғы 20 тамызға дейін Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62 (307 кабинет) мекен-жайдағы Халықаралық ынтымақтастық орталығына тапсыру қажет.

Конкурсқа қатыса алады.:

* 2021-2022 оқу жылының 2-3 курс студенттері;

* ағылшын тілін меңгерген студенттер;

* құжаттарды тапсыру сәтінде академиялық және қаржылық қарыздары жоқ студенттер;

* оқу үлгерімі (GPA) 3,3-ден төмен емес студенттер;

* университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатындар студенттер.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (ХЫО-да толтырылады);
  2. Ағылшын тіліндегі Транскрипт ;
  3. Ағылшын тіліндегі мінездеме / ұсыныс (профессор және/немесе кафедра меңгерушісі);
  4. Грамоталар, дипломдар және сертификаттар (көшірмелері);
  5. Шетелдік паспорттың көшірмесі.
Прочитано 1210 раз
Top