ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ВАКЦИНАЦИЯ ҮДЕРІСІНІҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Вице-министр Қ.Ерғалиевтің төрағалығымен өткен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері жөніндегі кеңестің 2021 жылғы 23 шілдедегі хаттамалық тапсырмасының 1.2-тармағы бойынша М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу корпустарында 4 медициналық пункт пен 2 медицина қызметкерімен қоса алғанда студенттік жатақхана жұмысын ұйымдастырды (Бас лицензия №21016036).

Университет корпустары мен жатақханаларында енгізілген режимнің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуды, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеуді, дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып ылғалды жинауды, университетте коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға және қызметкерлердің, студенттер мен талапкерлердің санитариялық-гигиеналық талаптарды мүлтіксіз сақтауына бағытталған зарарсыздандыру шаралары жүзеге асырылды.

Барлық корпустар мен жатақханалардағы санитарлық тораптар антисептикалық заттары бар санитайзерлер/дозаторлармен жабдықталған. Оқу корпустары мен жатақханаларға кірер алдында дезинфекциялық тоннельдер орнатылған. Корпустардың кіру топтары байланыссыз тепловизорлармен жабдықталған. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталған. Қызметтік ғимараттар бактерицидті шамдармен зарарсыздандырылған.

Жасалған шарт бойынша университеттің оқу ғимараттарында "Даримет" медициналық орталығының қызмет көрсетуі ұйымдастырылды. 3 мемлекеттік клиника және 7 жеке медициналық орталықпен бірлесіп Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Медициналық қызметтерді алу үшін студенттерді тіркеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. 02.06.2021 жылдан бастап барлық оқу ғимараттары мен студенттік жатақханаларда QR-коды бар "АШЫҚ" жүйесі енгізіліп, жұмыс істеуде. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қажеттілігін түсіндіру бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:

- Т. И. Ешенқұловтың оқытушыларға, қызметкерлерге, студенттерге және ата-аналарға бағытталған ресми хаты жарияланды;

- облыстық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп университеттің технологиялық корпусында Тараз қаласының тұрғындары үшін егу пунктінің жұмысын ұйымдастырды, онда 29.07.2021 жылы 863 адам Спутник V, QazVac, Hayat-Vax екпелерімен вакцинацияланды;

- онлайн және оффлайн форматтарда медициналық маман-эпидемиолог-вирусологтардың қатысуымен оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге екпені насихаттау бағытында 7 кездесу ұйымдастырылды;

- коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмысын дамыту бойынша арнайы медиа-жоспар әзірленіп, іске асырылуда

- Әлеуметтік желіде өз курстастарын вакцинациялауға шақыратын студент-еріктілердің үндеулері мен посттары жарияланды;

- челлендж форматында акциялар өткізілді, оған университет басшылары мен ПОҚ қатысты:

- "Сіз вакцина салдырдыңыз ба?" тақырыбында 595 студенттің қатысуымен сауалнама-викторина өткізілді;

- әлеуметтік желілер мен студенттік топтардың WatsApp-чаттарында мемлекеттік және 2 орыс тілдерінде 5 бейнеролик дайындалып таратылды;

- Вакцинацияны бірінші алған 23 оқытушы Ыстықкөлде демалу жолдамаларымен ынталандырылды:

- қала көшелерінде вакцинация тақырыбында 2 баннер орналастырылды;

- оқу корпустарының лэд-экрандарында 6 тақырыптық ролик орналастырылды;

- 530 академиялық топтың кураторлары студенттердің және ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ZOOM платформасында факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің тікелей эфирлерін өткізді

- факультет басшылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін алыс жерлерден келген студенттердің мекен-жайлары бойынша кураторлардың сапарларын ұйымдастырды.

Мерзімі

Вакцина алғандардың саны

29.07.2021

ПОҚ саны

Өсу

Құрылымдық бөлім қызметкерлерінің саны

Өсу

Студенттер саны

 

1-ші компонент

2-ші компонент

Жалпы саны

%

 %

1-ші компонент

2-ші компонент

Жалпы саны

%

 %

1-ші компонент

2-ші компонент

Жалпы саны

%

724

330

930

77,85%

0,54%

603

207

973

61,97%

0,21%

3531

883

6471

54,07%

Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша 29.07.2021 ж. Профессор-оқытушылар құрамының  77,8%-ы, құрылымдық бөлім қызметкерлерінің 61,9%-ы және университет студенттерінің 54,7%-ы екпе салдырды.

Прочитано 1011 раз
Top