ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрметті ұжым, қымбатты білім алушылар және ата-аналар! 

Міне, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Әр жаңа оқу жылынан  жаңалық күтетініміз бар. Сіздерді 1-қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, биылғы оқу жылындағы басты жағымды жаңалықтармен бөлісуді жөн көрдім:

  • биылғы оқу жылында 5000-нан астам талапкер Дулати университетіне сенім білдіріп, білім беру бағдарламаларын таңдады;
  • бакалавриат бойынша 907 грант, магистратура бойынша 127 грант, докторантура бойынша 13 грант иегерлері оқуға түсті;
  • профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 35%-ға артты;
  • Дулати университетінде Академиялық шеберлік орталығын құруға 4 млрд. теңге тұратын мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша келісім-шарт жасалынды;
  • Университет 241 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын болады;
  • жаңа «Өнер және спорт» факультеті ашылды;
  • спорттық құрылымдарды жаңа үлгіде жаңарту жоспары еңгізілді;
  • жаңа 5 қабатты 516 орынды жатақхана қолданысқа берілуі жоспарлануда;
  • шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында алдағы оқу жылында шетелдің озық әдістері мен үлгілері бойынша дәріс беру үшін Бразилия, АҚШ, Турция, Германия елдерінің мамандарымен келісім шарттар жасалуда.

Құрметті білім алушылар, бірінші курс студенттері Дулати университетіне білдірген сенімдеріңіз үшін ұжымның атынан алғысымды білдіремін! Сіздер 60 жылдан астам тарихы бар, оқу және ғылыми тәжірибесі мол оңтүстік өңірдегі ең ірі жоғары оқу орны - Дулати Университетінің студенттері атандыңыздар. Алда қызықты әрі мазмұнды студенттік өмір күтіп тұр! Оқуда озат болыңыздар, Сіздерге ғылымда шығармашылық пен табыс тілеймін!

Біздің университетімізде өз ісіне адал, білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Білім алушылардың бізге артқан сенімдерін аманат ретінде қабылдап,  сапалы білім беріп, отандық және халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап шығады деген сенімдемін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және оптимизм тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығымыз үшін жетістіктерге, кәсіби және шығармашылық жеңістерге толы жыл болсын.

Басқарма төрағасы - Ректор
Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы

Прочитано 1600 раз
Top