Правила поступления

Жоғары дәрежелі кәсіби маман болғың келсе, DULATY UNIVERSITY-не оқуға кел!

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережесі

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

  • білімі туралы құжат (аттестат, диплом қосымшасымен түпнұсқа);
  • сертификат;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • 3х4 өлшеміндегі төрт фотосурет;
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • арнаулы/шығармашылық емтихан нәтижесі туралы анықтама;
  • әскери комиссариатқа тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балаларға, күндізгі бөлімдерге) (приписной);
  • мемлекеттік білім грантын алуға жеңілдік беретін құжат (I-II топтағы бала кезінен мүгедектер, әке-шешесі жоқтар үшін).

Ұлттық бірыңғай тестілеуге:

1-ші ҰБТ: 20 ақпаннан - 10 наурызға дейін өтініш қабылданады:

1- 31 наурыз аралығында ҰБТ тапсырады;

2, 3-ші ҰБТ:  26 наурыздан - 10 маусымға дейін өтініш қабылданады:

1 сәуірден -30 маусым аралығында ҰБТ тапсырады - (тестілеудің екі мүмкіндігінің ішіндегі ең жақсы ҰБТ нәтижесімен, Сіз білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса аласыз);

4-ші ҰБТ: 15 - 30 шілде аралығында өтініш қабылданады:

10 - 20 тамыз аралығында ҰБТ тапсырады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

  • шығармашылық емтихандарға 20 маусым 7 шілде аралығында;
  • арнаулы емтихандарға 20 маусым 20 тамыз аралығында;
  • конкурсқа 13 - 20 шілдеге дейін;
  • студенттер қатарына 25 тамызға дейін.

Емтихандарды тапсыру мерзімі:

  • шығармашылық емтихандарға 8 - 13 шілде аралығында;
  • арнаулы емтихандар 20 маусым 20 тамыз аралығында.

Ескертпе: ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар талапкерлер жоғары оқу орнына (бұдан әрі - ЖОО) ақылы негізде қалаған білім беру бағдарламалар тобы бойынша 1 академиялық кезеңге қабылданады. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді шекті балл алғанша қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларында тапсыра алады;

ҰБТ нәтижесі бойынша –50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» - 75 балл;

Педагогикалық ғылымдарын таңдаған талапкерлер қосымша арнаулы емтихан тапсырады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің барлық білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданған студенттер «Әскери» кафедрада білім ала алады.

Мекен жайымыз: Тараз қ. Төле би даңғылы  60,

Call-center: тел. 8 /7262/ 55-67-20

Қабылдау комиссияcы: 8 /7262/ 45-73-92, 45-22-35

Ұялы байланыс: 8747937-56-87, 8707266-24-64

Инстаграм парақшасы: @dulaty_university, @dulaty_priemka

Фейсбук парақшасы: DulatyUniversity

Youtube каналы: Dulaty University

Top