АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: -

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60

Факультет жайлы

М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұрақты, табысты және динамикалық түрде дамып келе жатқан жоғарғы оқу орны болып табылады және бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешенді түрде жұмыс істеп, кешенді ғылыми-зерттеу мен көп сатылы мамандар дайындауды жүргізеді: бакалавриат - магистратура - PHD доктарантура.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік универститетінің жанында «Ақпараттық технологиялар» факультеті ашылған болатын. 2003 жылы факультет таратылып, мамандықтары басқа факультеттердің құрамына кірді.
2013 жылы ректор бұйрығымен «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультеті болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда факультет М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің ең ірі факультеттерінің бірі болып саналады.

Факультеттегі біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы мен заманауи материалдық-техникалық базасы білікті мамандар дайындаудың кепілдігі болып аталады. Бүгінгі таңда факультетте 120-дан астам оқытушылар, оқыту-көмекші персоналдары мен қызметкерлер жұмыс істейді. Факультетте біліктілігі жоғары мамандар жеткілікті, солардың ішінде 7 ғылым докторы профессорлар және 30 -дан аса ғылым кандидаты мен 50-ден аса магистрант бар. Факультетте есептеу техникасы, бағдарламалық жабдықтау, компьютерлік жүйелер, радиотехника және телекоммуникация, автоматика және процестерді басқару, физика мен математика салаларына мамандар дайындау жүзеге асырылады. Факультет түлектері алған білімдерін зерттеулер мен өңдеулерге қатысуға табысты қолдана отырып өндірісте, заманауи құралдарды жүргізуде және әр түрлі жүйелерде кеңінен пайдалануда.

Факультет түлектері тек Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да табысты қызмет атқаруда. Факультет ғылым мен өндірістің ұйымдастырушылары мен ірі мамандары жоғары оқу орындары, колледж және мектеп оқытушылары болып жүрген түлектерін мақтаныш етеді. Солардың арасында ірі мекеме басшылары, фирма президенттері, Қазақстан Республикасы және басқа елдердегі басшылар мен жетекші мамандар бар.

Деканат
МУРАТОВА ГАУХАР ИМАШЕВНА

Факультет деканы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны: 8 (747) 160-30-85

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.2-406


КЫРЫКБАЕВ МУРАТ МУХАНОВИЧ

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны: 8 (777) 141-62-95

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60


БАЙМЫРЗАЕВА ГАУХАР ЖАКСЛИКОВНА

Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары

Техника ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 8 (701) 659-35-78

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60


АБДУВАЛОВА АЙНУР ДЖУМАБАЕВНА

Ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны: 8 (707) 300-56-75

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60

Материалдық-техникалық базасы

Ақпарат өңделуде! Кейінірек тексеріп көріңіз.

Түлектерімізбен мақтанамыз

Ақпарат өңделуде! Кейінірек тексеріп көріңіз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ҚОЛДАНБАЛЫ ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

Бакалаврларды дайындау бойынша кафедраның жетекші оқытушыларының жетекші өнеркәсіптік және ғылыми кәсіпорындардың басқару құрылымдары мен ақпараттық қызметтерінде практикалық жұмыс өтілі бар. Кафедрада жыл сайын біліктілікті арттырудың перспективалық жоспары әзірленеді, ол оқытушылардың ҚР жетекші жоғары оқу орындарында және компьютерлік фирмаларда тағылымдамадан өтуін көздейді, оған сәйкес біліктілікті арттыру 100% қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар кафедрада келесі тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

  1. Өндірістік процестерді компьютерлік модельдеу
  2. Жел-энергия блоктарын сандық модельдеу
  3. Композициялық материалдарды компьютерлік модельдеу

Мамандық студенттері үнемі ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысады.
Кафедрада келесі үйірмелер жұмыс істейді:

  • «Project expert», жетекші - Хасанова М.В.,
  • «Компьютерлік модельдеу», жетекші – Боранкулова Г.С.

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

Кафедра ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында Новосибир мемлекеттік университетімен, С. Л. Соболев атындағы математика институтымен және Линкопинг университетімен (Швеция) байланыс орнатқан.

Кафедраның ғылыми бағыттары:

  • Жамбыл облысының су шаруашылығында басқарушылық шешімдерді қолдау мен қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру;
  • Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының инновациялық модельдік-бағдарламалық кешендері;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту үшін бұлтты технологиялар инфрақұрылымын жобалау;

Кафедрада студенттер белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, олардың нәтижелері әртүрлі конференцияларда мақалалар мен баяндамалар түрінде жарияланады. Студенттер жыл сайын студенттердің республикалық ғылыми конкурстарына белсенді қатысады, 2012 жылы Студент А.Маковецкая аға оқытушы Сапарқұлова Ж. А. жетекшілігімен жүлделі 3-орынды иеленді.

Студенттер сонымен қатар бағдарламалау, информатика бойынша олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Студент А. К. Баданова 2014 жылы студенттердің "Болашақ ғалымдары" атты үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Кафедрада келесі студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді:

  • «Бағдарламалау өнері», жетекшісі - т. ғ. к., доцент м. а. Жидекулова Г. Е.
  • «Деректер базасының жүйелері», жетекшісі - т. ғ. к., доцент м. а. Ахметжанова Ш. Е.

МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

Кафедра келесі бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді:

  • Математикалық физиканың қате және кері есептері (Некорректные и обратные задачи математической физики)
  • Экология есептеріндегі математикалық модельдеу (Математическое моделирование в задачах экологии)

2011 жылдан бастап зерттеудің келесі жаңа бағыттары пайда болды:

  • Дифференциалды геометрия және динамикалық жүйелер (Дифференциальная геометрия и динамические системы)
  • Механика есептері мен қолданбалы есептердегі математикалық модельдеу (Математическое моделирование в задачах механики и прикладных задачах)
  • Математиканы оқыту әдістемесі (Методика преподавания математики)

Халықаралық ынтымақтастық дамуда: РҒА және РСО-А Владикавказ ғылыми орталығының Оңтүстік математика институтының кафедрасына шақырылғаннан кейін ф.-м.ғ. д., профессор Юрий Геннадьевич Никоноров ғылыми-зерттеу жұмысы өз жалғасын табуда. Кафедра мүшелерінің ғылыми нәтижелері Ресей, Германия, Беларусь, Греция, Израиль, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сияқты елдердің халықаралық конференцияларында баяндалды.

Оқу-әдістемелік жұмыстары

Ақпарат өңделуде! Кейінірек тексеріп көріңіз.

Тәрбие жұмыстары

2020-2021 оқу жылында «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телкоммуникация» факультетінің студенттер саны 887-ті құрады.

Күндізгі бөлімде студенттердің 52 академиялық топтар бар. Бұл топтарда тәрбие жұмысын факультет кураторлар Кеңесі, факультеттің аға кураторы, кафедра аға кураторлары және 46 куратор жүзеге асыруда.

Кафедра

Кураторлар саны

Академиялық топтарының саны

1

«Математика»

8

9

2

«Ақпараттық жүйелер»

10

10

3

«Физика»

6

8

4

«Автоматика және телекоммуникация»

14

15

5

«Информатика»

8

10

 

Жалпы

46

52

Тәрбие жұмыстарының барысы мен міндеттері факультеттің кураторлар Кеңесінде тұрақты түрде қаралып отырады.

Факультет Кураторлар Кеңесі тұрақты жұмыс жүргізіп, оқу жылы барысында жасалынып жатқан іс-шараларға байланысты өз жұмыстарын дамытып отырды. Факультеттің аға куратор «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Абдыкеримова Ляззат тағайындалды. Факультет кураторлар Кеңесінің отырыстары әр ай сайын өтіп, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру жолдары жайлы мәселелер талқыланды. Кураторлар жұмысын насихаттау мақсатында ашық кураторлар сағаттары өткізіліп, тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар кафедраларда жаңа оқу жылына кафедра топтарына кураторлар тағайындалып, кураторлық сағаттарын өткізу және корпустағы этаждар бойынша кезекшілік кестесінің уақыты мен күні белгіленіп іске асырылды.

Кураторлар және бұзушылықты болдырмауды алдын алу қеңесінің құрамына кафедралардың тәжірибелі оқытушылары мен аға куратор және үздік студенттер сайланған:

Төраға: Мұратова Г.И. факультет деканы

Төраға орынбасары: Баймырзаева Г.Ж. факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Мүшелері:

  1. Джалпанов Бақытжан– «Математика» кафедрасының аға оқытушысы
  2. Сүйкімбаева Нұргүл – «Физика» кафедрасының аға оқытушысы
  3. Абдыкеримова Ляззат – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы
  4. Тлемисов Бахтияр – «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы
  5. Төреханова Гүлжанар – «Есептеу техникасы және информатика» кафедрасының аға оқытушысы
  6. Аманова Жасмин - Студенттік декан

2020-2021 оқу жылында Аманова Жасмин студент деканы болып тағайындалды.

Факультетте студенттер деканаты тиімді жұмыс атқаруы үшін арнайы кабинет бөлінді, 1 компьютер және пабликпен қаматамасыз етілген. Факультет әкімшілігі тарапынан әр турлі жәрдемдер беріледі. Факультет студенттерінің 30% белсенді студенттерден тұрады.

Бұдан өзге факультет студенттері Республика, облыстық, қала, университет және университет деңгейінде, шығармашылық орталығында, «Жастар ісі комитеті» құрамында өз белсенділіктерін танытуда.

Сондай-ақ спорттың түрлерімен шұғылданатын студенттер қалалық. облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға белсене қатысып жүлделі орындарымен оралуда және марапатталуда. Сонымен қатар факультетте студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелер жұмыс атқарады. Үйірмелерге қатысқан студенттер ғылыми конференциялардан, түрлі байқаулардан жүлделі орын алуда.

Оқу жылының жарты жылдығында атқарылған іс-шараларға сипаттама: қыркүйек айының басында студенттік декан мен студенттік кәсіподақ және белсенді студенттері яғни 1,2 курс студенттерінің арасында жиналыстар өткізіліп, хабарландырулар айтылып тұрады. Университетімізде жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқарады. Онда негізгі 12 жастар ұйымы бар. Олар: «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттік парламент, «Қазақстан Студенттер Альянсы», «Еркін ойлар алаңы» пікір сайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Жасыл ел» ЖЕЖ, «STREET WORKOUT TarSU», «Достық» студенттік жастар ассамблеясы, «ENACTUS» халықаралық студенттер ұйымы, «Фемида» жастар клубы, «Бал-Дариға» қыздар клубы.

Кураторлар тарапынан студенттердің қабілеттеріне сәйкес әртүрлі іс-шаралар мен шығармашылық студияларға, спорттық секцияларға, жастар ұйымдары мен клубтарына баулу нәтижесінде факультеттің 63 студенті өнер студияларына (вокал – 5, ВИА «Универ»- 1, сән студиясында – 4, TarSU тобында – 2, черлидинг – 20, «Еркін ойлар» клубында – 7, «Жас Отан» жастар қанатында-5 , «STREET WORKOUT TarSU»-2, «Қазақстан Студенттер Альянсы»-2, «Фемида» жастар клубы-1, «Бал-Дариға» қыздар клубы-3, «Достық» жастар ұйымы-20 студент.

Университетте тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Бүркіт» полицияға жәрдемдесу студенттік жасағы қызмет жасауда. Аталмыш студенттік жасағы әскери кафедрасында білім алатын студенттерден қалыптастырылады.

Факультеттің тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Олар:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары
  2. Жастар саясаты
  3. Азаматтық-патриоттық тәрбиелеу
  4. Рухани-адамгершілік тәрбие
  5. Құқықтық тәрбие
  6. Шығармашылық белсенділікті дамыту
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
  8. Кәсіптік-еңбек тәрбиесі
  9. Кураторлық жұмыс
  10. Жатақхана

Факультетте 6 жыл қатарынан «Достық» жастар ұйымы табысты жұмыс атқаруда. Төрайымы: «Физика» мамандығының 2 курс студенті Сатайбекова Аружан. Студенттік жастар ұйымының мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiнде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Ұйымның құрамына 50 студент кіреді. Соның ішінде 43 белсенді қатысушылары бар, оның ішінде ЭБФ – 1, АТАТФ – 20, ГӘҒФ – 4, ЗФ – 2, МГжМ-9, СШЭжҚФ-7студент.

Top