МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: 8 (7262) 52-66-76

Мекен-жайы: Сатпаев көш., 28, 6.1-338

Факультет жайлы

Факультет 1965 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Гидротехникалық құрылымдар» факультетінде 1514 – «Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығының ашылуынан бастау алады.

1969 жылдың қаңтар айында Орта Азия және Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға, әсіресе су мелиорациясы саласындағы құрылыс және мелиорация машиналарын жөндеп, тиімді пайдаланатын инженер-механиктердің жетіспеуіне байланысты КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында «Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» факультеті ашылды.

 
 

Механикалық факультетінің алғашқы студенттері

Бұл еліміздің бар аймағына инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын мамандар дайындауға септігін тигізді.

1998 жылы Тараз қаласының үш жоғары оқу орны қосылып, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті болып құрылуына байланысты факультет жаңадан ұйымдастырылды. 1998 жылы «Механикаландыру және энергетика», 2002 жылы «Мұнай-газ ісі, энергетика және технологиялық машиналар», 2013 жылдан бастап «Мұнай, газ және механика» факультеті болып аталды.

Факультеттің алға қойған мақсатына жетуі және дамуы үшін Б.Х. Иманқұлов, Ю.С. Перфильев, Ж.О. Қадыр, Г.М. Местер, М.И. Мусина, Ә.Ә. Әлмұханов, Д.М. Ыбырай, М. Әбдіғалиев, П.З. Кузьменко, З.М. Жұмабаева, А.У. Кенжебаев және зертхана меңгерушісі С.У. Пан, т.б. оқытушы ардагерлер көп еңбек сіңірді.

Факультетте арнайы пәндердің жинақталуы негізінде ең алғаш «Құрылыс және мелиоративтік машиналары» кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі қызметін Юрий Сергеевич Перфильев атқарды. Кейінірек кафедра «Құрылыс және мелиоративтік машиналары», «Тракторлар және автомобильдер», «Металдар технологиясы және машиналарды жөндеу» кафедраларына бөлініп, олардың меңгерушілігіне Беницион Маркович Местер, Юрий Сергеевич Перфильев және Әбілда Әлмұқанов тағайындалды.

Факультеттің материалдық негізінің толығуына, білікті ұстаздармен қамтамасыз етілуіне, ғылыми әлеуетінің күшеюіне ерен еңбек еткен академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Марс Фазылұлы Үркімбаевқа тоқталмаса болмас.

Марс Фазылұлы Үркімбаев 1973 жылы ректор болып келген көп үлес қосты. 33 жастағы ең жас ректор институттың өсіп-өркендеуіне, Кеңес Одағында ғана емес, әлемдік аренада да танымал болуына зор еңбек сіңірді.

1974 жылы Қ. Сәтбаев көшесі бойынан жер телімі беріліп, Марс Фазылұлының басшылық етуімен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты кешенінің қабырғасы қалана бастады. Сол жылдары бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты өз оқытушыларына, оның ішінде жас мамандарды пәтермен қамтамасыз етуде одақ көлемінде алғашқы орындардың бірінде болды. «Өз жоғары оқу орнымыз – өз қолымызбен» деген ұранды ұстанған институт оқытушылары мен студенттері жатақхана, оқу корпустарын салу құрылысына белсене араласты. Аз уақыт ішінде жаңа оқу кешендері, спорт кешені, «Айша сұлу» студенттік асханасы, студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған тұрғын үйлер бой көтере бастады. Бүгінде бұл жер – студенттер қалашығына айналған гидрокешен.

Институт басшысының болашақ мамандардың денсаулығына аса көңіл бөліп отыруының арқасында 100 орындық емдеу-сауықтыру, қала сыртында орналасқан «Жасөркен» спорттық-сауықтыру лагері салынды. Лагерьде студенттер оқу практикасынан өтумен қатар, дене шынықтырумен айналысады.

1983 жылы студенттер мен оқытушылардың, аспиранттардың мәдени-ғылыми орталығына айналған «Ғалымдар үйі» ашылды. Ғалымдар үйіне қарасты оқу залы, ғылыми және көркем әдебиет кітапханасы, шахмат клубы, кинозал және т.б., сонымен қатар түрлі жастар ұйымдары студенттердің қоғамдық жұмыстармен айналысуына да жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Марс Фазылұлы басшылық еткен уақытта институтта еліміздің ауыл шаруашылығы, экономика, гидромелиорация, құрылыс саласына қажетті бірнеше жаңа мамандықтар ашылып, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті артты. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының материалдық, рухани әлемінде көптеген тың жобалар пайда болды.

М.Ф. Үркімбаев – еліміздегі машина жасау саласындағы белгілі ғалымдардың бірі. Ол тісті берілістер және машинаның басқа элементтерінің беріктігін жоғарылату жолдарын қарастырып, бірнеше ғылыми бағыттарды қалыптастырды. Оның жетекшілігімен машина элементтері беріктігін зерттеуге арналған ғылыми лаборатория құрылып, онда 4 кандидаттық және 1 докторлық диссертация дайындалды.

Бүгінгі күні ғалым ұстаздың ғылыми мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатымен М.Ф. Үркімбаев атындағы қоғамдық қор құрылып, дарынды жас зерттеушілерге арнайы стипендия тағайындалды.

Деканат
ШИЛІБЕК КЕНЖЕҒАЛИ ҚОШҚАРБАЙҰЛЫ

«Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 28


БЕКЕНОВ РУСЛАН МЕЙІРБЕКҰЛЫ

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

магистр, аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 28


НҰҒМАНСАЯ ЕРМАХАНБЕТ НҰРМАХАНБЕТҰЛЫ

Тәрбие жөніндегі орынбасары

магистр, оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 28


КАРНАКОВА ҒАЙНИ ЖАРАСХАНҚЫЗЫ

Ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

магистр, аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 28

Материалдық-техникалық базасы

«Жамбыл облысындағы индустриалды-инновациялық бағыты бар үздік тауарлар мен қызметтер» аймақтық байқауында факультет ұсынған экспозициялар

«Көлік техникасы мен технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент А.Н. Семерниннің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері

Дизелді қозғалтқыштарының қорек ету жүйесіне орнату үшін арналған фильтр-су бөлгіші

Шөміштің өздігінен икемделетін кескіш жиегі бар бірожаулы экскаватордың жұмысшы жабдығы, жобаның ғылыми жетекшісі М.Ә.Әбдіғалиев

Т-130, ДП-26С тракторының негізінде жасалған өнімділігі жоғары және жоғары тиімділікті топырақ қопсытқышы

Дәнді материалдарды кептіру мен суытуға арналған тәжірибелік комбинирленген агрегат

Факультет жетістігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары

  1. Мырзашев С. (2007, 2012 жж.)
  2. Бакиров Р. (2009 ж.)
  3. Тілегенов И. (2008 ж.)
  4. Асқарова А. (2012 ж.)
  5. Семернин А. (2012 ж.)
  6. Ибылдаев М. (2016 ж.)
  7. Бекмұратов М. (2017 ж.)
  8. Шилібек К. (2017 ж.).

 Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері

  1. Б.Манапбаев (2015 ж.)
  2. М.Ибылдаев (2016 ж.)
  3. С.Орынбаев (2017 ж.)

 Ғылыми конкурстардың жеңімпаздары

  1. Шилібек К.Қ. - "Ғылым" номинациясы бойынша облыс әкімінің премиясы, 2010 ж.
  2. Шилібек К.Қ. - "Шапағат -2012" өнертапқыштық саласындағы конкурс;
  3. Қоқаев У.Ш. - "Ғылым" номинациясы бойынша облыс әкімінің премиясы, 2011 ж.
  4. Манапбаев Б.Ж. - "Ғылым" номинациясы бойынша облыс әкімінің премиясы, 2012 ж.
  5. Манапбаев Б.Ж. - "Парасатты жас ғалым-2012" республикалық конкурсы
  6. Абильдаев А.А. - "Парасатты жас ғалым-2013" республикалық конкурсы
  7. Абильдаев А.А. - «Ғани Мұратбаев сыйлығы» республикалық конкурсы, 2017 ж.
  8. Нусипали Р.К. - «EXPO-2017 – жастар көзімен» инновациялық конкурсы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты

  1. Қошқарбай Ж.К. - 3-курс студенті (2016 ж.)


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты
«Болашақтың ғалымдары» конкурсының жеңімпаздары

  1. Бекболова Ә., Васин И., Серікова А. (2015 ж.)
  2. Дямуршаев И., Самойленко Н. , Туман Б. (2017 ж.)

«Акуадемик М.Ф. Уркумбаевтың қоғамдық бастамалары» қоғамдық қоры конкурсының жеңімпаздары

  1. Шамахмудов Д (2014ж.)
  2. Бекболова А.(2015ж.)


Пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

  1. Тазабеков Н. (2011ж),
  2. Сарсенбек А. (2011ж),
  3. Кантаев К. (2011ж),
  4. Шамахмудов Д. (2014ж)
  5. Абильможин А.(2015ж).
  6. Ким В. (2017ж.)

 «Денсаулық» университеттік спартакиядасы

  1. 2006-2007 о.ж. - 2-орын
  2. 2007-2008 о.ж. - 1-орын
  3. 2008-2009 о.ж. - 1-орын
  4. 2009-2010 о.ж. - 1-орын
  5. 2010-2011 о.ж. - 1-орын
  6. 2011-2012 о.ж. - 1-орын
  7. 2012-2013 о.ж. - 1-орын
  8. 2013-2014 о.ж. - 1-орын
  9. 2014-2015 о.ж. - 1-орын
  10. 2015-2016 о.ж. - 1-орын
  11. 2016-2017 о.ж. - 1-орын
  12. 2017-2018 о.ж. - 1-орын
  13. 2018-2019 о.ж. – 2-орын
  14. 2019-2020 о.ж. – 1 орын
Top