12- СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!

Ең алдымен оқу ордамыздың барша ғылыми қызметкерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

«Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады», -деп қазақтың біртуар перзенті, ғалым Қаныш Сәтпаев айтқандай ғылым адамзат өмірінің жақсаруы үшін қызмет етеді.

Университетіміздің ғалымдары осы мақсатта талмай еңбектенуде. Ғалымдарымыздың жеткен жетістіктері – оқу ордамыздың ортақ жеңісі әрі мақтанышы!

Құрметті ғалымдар, әріптестер, мереке құтты болсын! Ғылым мен білім жолында асқаралы асуларды бағындырып, болашағымызды бүгіннен де жарқын ететін ғылыми жаңалықтың жаршысы болыңыздар деген тілегімізді білдіреміз!

Прочитано 976 раз
Top