ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ

Назарбаев университеті және қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ – 2021» атты студенттердің III Республикалық ғылыми көрмесі өтті.

Ғылыми жобаға Филология ғылымдарының докторы,профессор Меруерт Рахымбайқызының жетекшілігімен «Сөз энергетикасының адамның рухани болмысына әсері» тақырыбында журналистика мамандығының студенттері Әбдірасил Еңлік және Ақылбекова Аяжан қатысып, «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша жүлделі III орын иеленді.

Академик А.Смақова студенттердің еңбегін, өте креативті тың тақырып деп баға беріп, алғырлығына тәнті болды. «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті директоры Юлай Шамилоглу және Қазақ тілі оқытушыларының халықарылық бірлестігі президенті Эльмира Оразалиева алғыс хат пен III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жеңісін жас ғалымдар 12 сәуір ғылым күні өздерін білім нәрімен сусындатып жатқан   профессор-оқытушыларына арнады.

Медиа-қызмет

Прочитано 976 раз
Top