ЖАҚСЫ КІТАП ЖАН АЗЫҒЫ

Елімізде 2007 жылы бастау алған «Бір ел-бір кітап» акциясы 2021 жылы   «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына -30 кітап» ұсынып отыр, олар  проза, поэзия, драматургия, балалар әдебиеті, сонымен бірге әлемдегі үздік шығармалардан  аудармаларды қамтиды. Осыған орай Кітапханалық-ақпарат орталығының Көркем әдебиет секторы және «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқтушысы С.С Абдраимованың  ұйымдастыруымен ГӘҒФ кешенінің  №1оқу  залында ағылшын жазушысы, әйгілі Гарри Поттер жайлы кітаптың авторы Джон Роулингтің  «Харри Поттер мен жасырын бөлме» шығармасы бойынша Г.Поттер стиліндегі студенттер кеші өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты- жастарды кітап оқуға насихаттау, әлемнің үздік шығармаларымен таныстыру, кейіпкер бойындағы қасиеттер арқылы адамгершілік жолға жетелеу.

 Аталған іс-шараға Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы  Айсұлу Нұрдынқызы  және оқытушылар мен студенттер  қатысты. Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Кабазова Сапарғалиқызы «Бір ел- бір кітап»  республикалық акциясының тарихына тоқталып, биылғы акцияға байланысты кітап көрмесін ұсынды. Г.Поттер стиліндегі студенттер кешінде студенттер шығарманың барлық бөлімдерімен қысқаша 3 тілде таныстырып, әрі кинодан үзінді көрсетті,   басты ролдерді сомдаған актёрлармен (студенттермен) сұхбат жүргізді, шығарма бойынша түсірілген фильмнен қойылым қойылды.

 Кеш соңында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Шим Т.В. өз пікірімен бөлісіп, студенттерге алғысын білдірді.

библо4библо5xбибло3

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1330 раз
Top