БЕЙСЕН НҰРЗАДА ӘБДІБЕКҚЫЗЫ

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жұмыс орны: «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КеАҚ

Лауазымы: Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а.

Author ID в Scopus: 26530753300

ORCID ID: http://orcid.org/0000-0002-1957-2768

Researcher ID Web of Science and ID in Publons: B-3632-2012

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ: Жалпы салыстырмалық теориясы, Релятивистік астрофизика, релятивистік планетарлық космогония, релятивистік ықшам объектілердің магнит өрістерінің генерациясы, салыстырмалық механикасындағы денелердің қозғалысының тұрақтылығы мәселесі 

БІЛІМІ, ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ АТАҒЫ

  • 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ физика факультетін физик, физика пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірді;
  • 2004 жылы 01.04.02 – теориялық физика мамандығына сәйкес «ЖСТ механикасындағы орбиталды тұрақтылық және орбитаның векторлық элементтеріне қатысты тұрақтылық» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады;
  • 10.05.12 ж. ҚР ҒБМ № 595 бұйрығымен "Физика" саласы бойынша «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы берілді.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 1988 - 1990 - А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, оқытушы;
  • 1990 - 1997 - ОҚО, Бөген орта мектебінде физика және математика пәні оқытушысы;
  • 1997 - 2012 - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика факультеті теориялық физика кафедрасында (маман, 2000 жылдан аға оқытушы, 2006 жылдан доцент, 2012 жылдан профессор м.а., 2015 жылдан профессор);
  • 2012 - 2019 - «Бөбек» Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі Ұлттық Ғылыми Практикалық Білім беру және Сауықтыру Орталығының Обсерватория директоры;
  • 2019-2020 г. - Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылым және коммерциализация Басқарма басшысы;
  • 2020 ж. - «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КеАҚ Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар проректоры м.а.

МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАРЫ, ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРЫ

  • 03 наурыз 2014 ж. (Куәлік № 005) жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР ҒБМ «Ы. АЛТЫНСАРИН» медалі;
  • 18 желтоқсан 2015 ж. № 471 Ректордың бұйрығымен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2017 жылдың 13 қазанында Қазақстан Ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» № 120 төс белгісі.

НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

Республикалық және шетелдік мамандандырылған журналдарда жарық көрген 150-ден астам еңбектердің авторы, оның ішінде 23 мақала Комитет нұсқауларына сәйкес баспалардан шыққан, 24 мақала шет ғылыми ел баспаларында, оның 11-і сараптамалық ақпараттық базасы мәліметтері бойынша жоғары импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген, 37 шетелдік халықаралық конфренциялар материалдарында баяндамалары бар; 5 оқу құралы жарық көрді. PhD, магистрлер және бакалавр студенттерінің ғылыми жетекшісі. «Жер және Космос туралы ғылымдар» атты студенттерге және оқушыларға арналған ғылыми үйірме жетекшісі. Олардың ішінде көптеген студенттер және оқушылар Республикалық және халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары болып табылады. Қазақстан оқушыларының құрама командасының Бразилия, Бангладеш, Индонезия, Греция, Литва, Қытай, Корей, Украина, Румыния, Индия, Тайланд, Россияда, Шри-Ланка, Грузияда, Венгрияда өткен халықаралық астрономия және астрофизикадан өткен халықаралық олимпиадалардың жетекшісі.