СӘЛЕМОВ СЕРІК ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Басқарма мүшесі - Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор

Сәлемов Серік Жақсылықұлы, 1972 жылы 09 қазанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының инженер-құрылысшы мамандығын аяқтаған.

1994 жылы Аса ауылындағы «Салтанат» КМК-да  тері өткеруші, директордың орынбасары, «Ақбастау» КЖК құрылыстағы шебері болып бастады.

1996 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің консультанты, бас консультанты және бас маманы қызметтерін атқарды.

2000-2002 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заңгер-құқықтану мамандығын үздік дипломмен бітірген.

2002-2006 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр меңгерушісі.

 2004 жылы Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

 2004-2006 жылдары Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы.

 2006-2008 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» дәрежесі бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2007 жылы АҚШ-тың Индиана, Иллинойс штатында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасы бойынша халықаралық тәжірибеден өткен.

2008-2018 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басқарма басшысы, комитет төрағасының орынбасары, Әкімшілік департаментінің басқарма басшысы және әр түрлі серіктестіктердің басшысы қызметтерін атқарған.

Ұлыбритания, Лондон, Манчестер қалаларында «British Council» орталықтарында тәжірибе алмасқан.

 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы, Басқарма мүшесі - Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры болып қызметін атқаруда.

 Бірнеше марапатқа ие яғни, мемлекеттік награда «Ерең еңбегі үшін», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығы», «ҚР мәслихаттарының 25 жылдығы» медальдарымен және Жамбыл облысы мәслихатының «Құрмет грамотасы», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының «Құрмет грамотасымен», ҚР Президентінің “Алғыс хатымен”  марапатталған.