Версия для печати

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫНА ӨТІНІМ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоба жетекшілері мен жауапты орындаушылардың қатысуымен ақпараттық-әдістемелік кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жалпы қаржыландыру көлемі 350 млн теңгені құрайтын коммерцияландыру жобалары байқауына қатысу үшін сапалы өтінім дайындауға бағыт-бағдар беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлының бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жоба өтінімінің негізгі талаптары мен құрылымы, жобаның техникалық негіздемесін дайындау, мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақты көрсету, қаржыландыру көлемін есептеу тәртібі туралы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға өтінімде көрсетілетін мәліметтердің нақтылығы мен негізділігінің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жобалары бойынша кеңестер алды. Коммерцияландыру бөлімі өтінімдерді сапалы дайындау үшін алдағы уақытта да әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырады.

коммер1111

 

Прочитано 58 раз