2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD докторы, аға оқытушы Сымбат Наурзкулова жас ғалымдардың зерттеулері бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.
Жобаның тақырыбы: «Этанолдың булы айналымы үшін перовскит құрылымды оксидті катализаторларды синтездеу және зерттеу».
Сымбат Мұратбекқызын құттықтаймыз! Алдағы уақытта жетістіктер мен жаңа жобаларын сәтті жүзеге асыруда табыс тілейміз!