Версия для печати

ӨЗБЕКСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА

2025 жылғы 13 мамырда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегацияны қабылдады.
Жұмыс сапарымен университетке келгендер:
— Шухрат Шавкатұлы Мирзаев, Ташкент қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалы директорының орынбасары (Өзбекстан Республикасы);
— Шухрат Нуралиұлы Шералиев, Ташкент қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы қолданбалы математика және информатика факультетінің деканы;
— Юлдузхон Тохиржанқызы Мирзаева, Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университет жанындағы Биофизика және биохимия ғылыми-зерттеу институтының доценті.
Сапар бағдарламасы Тараз университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Есимова Ш.А., «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы Тасуов Б.Т. және «Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары Сүйменбаева А.М.-мен ресми кездесуден басталды.
Қонақтар университет мұражайын да аралап көріп, студенттік телестудияға сұхбат берді.
Сапар аясында академиялық байланыстар мен профессорлық-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды:
— «Экономика және құқық» факультетінің «Мемлекеттік және әкімшілік құқық», «Қылмыстық құқық және процесс», «Азаматтық құқық және процесс» кафедраларында заңгерлік білім беру, ғылыми ынтымақтастық және әріптестіктің болашағы талқыланды;
— «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Физика және информатика» және «Биология» кафедраларында жаратылыстану бағытындағы білім беруді жаңғырту, оқу үдерісін цифрландыру және бірлескен ғылыми жобалар мәселелері қарастырылды.
Сапар аясында Өзбекстан делегациясы Тараз қаласындағы Ресей химия-технология университетінің филиалына да барып, ондағы білім беру бағыттары, ғылыми зертханалардың жұмысы мен техникалық базамен танысты.
Сапар соңында Тараз қаласы бойынша экскурсиясы ұйымдастырылып, кездесудің қорытындылары шығарылды. Екі тарап та ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Университетіміз өзбек әріптестеріне сапарлары мен халықаралық байланысты нығайтуға деген ұмтылыстары үшін шынайы алғыс білдіреді.

делег1111

делег2222

делег33333

делег4444

делег5555

делег6666

делег7777

делег8888

делег9999

 

Прочитано 62 раз