Университет қабырғасында техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі Ахметов Ашимжан Сүлейменұлының 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұмановтың құттықтауы жеткізілді.
Конференцияның модераторы ретінде техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі, «А.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеуәдістері» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, «Механика және технологиялар» және «Dulaty Universityхабаршысы» ғылыми журналдарының бас редакторы Исабай Бекбасаров жүргізді. Ол өз сөзінде, мұндай кездесулер болашақ мамандардың тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Пленарлық отырыс барысында келесі баяндамалар ұсынылып, экология және химия саласының дамуына қатысты ұсыныстар мен бастамалар талқыланды:
• Есімқұлов Садық Тәңірбергенұлы, заң ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры (Шымкент), «Қазақстандағы трансшекаралық су ресурстарының құқықтық мәселесі мен мәртебесі» тақырыбында баяндама жасады.
• Айтқұлов Досмурат Қызылбиевич, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының ғылыми зерттеу директоры (Алматы), «Тау-кен металлургия саласының тұрақты дамуы: экологиялық сын-тегеуріндер мен технологиялық шешімдер» тақырыбында баяндама ұсынды.
• Мырзашев Сағат Мырзашұлы, Тараз университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жаратылыстану ғылымдарының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Тұлғалар сыйластығы» тақырыбында сөз сөйледі.
• Сейтқазиев Әдеубай Садақбайұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ су шаруашылығы және мелиорация ұлттық университетінің (Тараз қ.) профессоры, «Бұзылған және тұзданған топырақтарды жақсарту әдістері» тақырыбында баяндама жасады.
• Күртебаева Әсел Амантайқызы, химия магистрі, Тараз университетінің PhD-докторанты, «Полимерлер мен белсендірілген көмір негізіндегі композиттік мембраналарды ластаушы заттардан ағын суларды терең тазартуға арналған әзірлеме» тақырыбында баяндама жасады.
• Садиева Халипа Рысқұлқызы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Жамбыл облысындағы кенішті жерлердегі кендерді кешенді өңдеу және аймақтың экологиялық, экономикалық әлеуетін жақсарту» тақырыбында баяндама жасады.
• Наурызқұлова Сымбат Мұратбекқызы, Тараз университетінің аға оқытушысы, PhD, конференцияның пленарлық бөлігін «Сутегі өндірісінің белсенді және тұрақты катализаторларын синтездеу» тақырыбындағы баяндамасымен аяқтады.
Конференция соңында – Ахметов Ашимжан Сүлейменұлының зайыбы Дина Омарова өзінің жолдасы туралы жүрекжарды естеліктерімен, өмірі мен ғылыми жетістіктері жайлы бөлісті.
Бұл іс-шара ғылыми байланысты нығайтқан, тәжірибе алмасуға және тұрақты даму бағытында жаңа идеяларға серпін берген маңызды алаңға айналды.