Версия для печати

КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫ СӘТТІ ӨТТІ

16–27 маусым аралығында университетімізде нысаналы қаржыландыру бағдарламасы (ПЦФ) шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздары үшін кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған біліктілік курсы табысты өткізілді. Іс-шараны Ғылым және коммерцияландыру департаменті ұйымдастырды.

Курс «Қазақстанның су шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжиниринг орталығын құру» жобасының аясында жүзеге асырылды.

Мақсат – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен тұрғындардың кәсіпкерлік және технологиялық сауаттылығын арттыру.

Курсты университеттің білікті профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізіп, тыңдаушыларға өздерінің ғылыми білімі мен тәжірибесін ұсынды.

Оқу бағдарламасы тыңдаушылардың өтініштері мен қажеттіліктеріне сай дайындалып, үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
1. «Азық-түлік өндірісінің заманауи тәсілдері: ғылымнан тәжірибеге дейін»;
2. «Биочарды өндіру мен қолданудың озық технологиялары және өсімдік шаруашылығында органикалық өнім өндіруді ұйымдастыру»;
3. «Тоқыма және аяқ киім: бірегей бұйымдарды жасау өнері».

Курс барысында теориялық дәрістермен қатар зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар университеттің заманауи зертханаларында өз өнімдерін сынақтан өткізіп, өнім сапасын арттыруға бағытталған ғылыми әдістермен танысты. Бұл тәжірибе оқу үдерісі мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етті.

Курс соңында барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыров университеттің оқытушылар құрамына алғысын білдіріп, білікті әрі сапалы оқытқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл курс қатысушылардың кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың ауылдық кәсіпкерлік саласындағы нақты жетістіктерге жетуіне сенімділік береді.

даму11111

даму22222

даму3333

даму4444

 

Прочитано 35 раз