Қуанышпен хабарлаймыз: «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Сарыбаева Эльвира Ермековна Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Емдік-профилактикалық мақсаттағы компрессиялық трикотаж бұйымдарды өндіру технологиясын әзірлеу»
Зерттеу компрессиялық қасиеттерге ие трикотажды бұйымдарды тиімді өндіру технологиясын дамытуға бағытталған.
Жобаның өзектілігі – халықтың өмір сапасы мен денсаулығын жақсартуға ықпал ететін текстиль саласындағы инновациялық шешімдердің қажеттілігі болып табылады.
Эльвира Ермековнаны шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми жобаны сәтті жүзеге асырып, зерттеу нәтижелерінің жоғары болуын, ғылыми жаңалықтар мен кәсіби жетістіктерге толы болуын тілейміз!