Версия для печати

Дулати университетінде маңызды кездесу өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында алдағы бірлескен жоспарлар, академиялық және ғылыми бағыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жиынға сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындарының бірі – “Қазфосфат” ЖШС, АҚ “Уралхим” өкілідері де қатысты. Бұл тараптар арасындағы байланыс білім мен өндірісті ұштастыруға бағытталған жаңа бастамаларға жол ашатыны сөзсіз.

Прочитано 57 раз