Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары «500 ғалым» бағдарламасының стипендия иегері атанды!
Енді бұл оқытушылар шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыратын болады. Жүзден жүйрік атанып, зор мүмкіндікке ие болған ғалымдарымыз:
1. Ауганбаева Мая Амиржановна– «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының PhD докторы Джонс Хопкинс университетінде (АҚШ) 1 жыл аралығында тағылымдамадан өтеді.
2. Құрманбекова Зульфия Рахматдилдаевна – «Журналистика және филология» кафедрасының PhD докторы Джонс Хопкинс университетінде (АҚШ) 1 жыл аралығында тағылымдамадан өтеді.
Жеңістеріңіз, жетістіктеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!