Версия для печати

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» АТТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ

Дулати университеті жанынан құрылған «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен әрі «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қазақ халқының мәдени құндылықтары» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекциялар көрмесі ашылды.

Көрме ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында берген тапсырмалары негізінде дайындалған модельдік жол картасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл бастама еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық мұра мен этнографиялық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған алғашқы маңызды қадамдардың бірі.

Ашылу салтанатына облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Айгүл Кабиева, өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті студенттері, «Асыл аналар» ансамблі, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайының ұжымы және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Көрменің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі өнері мен тұрмыстық мұрасын кеңінен таныстыру, ұмыт бола бастаған құндылықтарды қайта жаңғыртып, жастарды ұлттық мәдениетке жақындату. Сонымен қатар, этнографиялық жәдігерлер арқылы қоғамда бірлік пен өзара сыйластықты нығайтуға үндеу.

Салтанатты жиында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, «Әулие-ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева және Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында «Асыл аналар» ансамблі мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Қалижан Саркеев әуезді әндерімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, университетіміздің «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері ұлттық киім үлгілерін сән көрсетілімі арқылы таныстырып, шараның мазмұнын айшықтай түсті.

Жиын соңында көрменің өтуіне атсалысқан жандардың еңбегі ерекше атап өтіліп, Алғыс хаттармен марапатталды. Қонақтар естелік суреттерге түсіп, шара мәдени мазмұнымен есте қалды.

этно1111

этно2222

этно3333

этно44444

этно5555

 

Прочитано 12 раз