Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Суицид - бұл қоғамда денсаулық сақтауға байланысты жаһандық проблема.Көпшілікті алаңдатып отырған «суицид» деп аталатын осы дерттің, еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдерін жағалауы - елді алаңдатарлық жай. Соңғы кездері оның жасарып бара жатқандығы - көңіл қынжылтатын жағдай. Өз-өзіне қол жұмсау, әсіресе, жастар арасында белең алуда.

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Дулати университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы университеттің проректорлары, факультет декандары және оқытушы құраммен кездесті.

Кездесу барысында университет білімгерлері арасында суицид жасауға бару, білімгерді суицид жасауға жеткізу, бұндай жағдайды болдырмаудың алдын алу тақырыбында кеңінен әңгіме қозғалды.

Білімгердің жақыны Сіздерсіздер. Бұндай мәселелерде тек білімгерді ғана кінәлі етпей, ата-аналарын шақырып, сөйлесіп, мәселені бірге шешу керек. Бүгіндері көптеген ата-ана күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, баласында қандай проблемалардың туындағанын, көңіл күйі қандай екендігін білмейді, оған арнайы уақыт бөле алмайды, тіпті бас ауыртпайтындары да кезігеді. Осындайда білімгер ішкі күйзелісін ешкімге айта алмай, булығып, тығырықтан шығар жол таба алмай, онымен тек өзі ғана арпалысады. Ақыры өкінішті жайтқа әкеп соғады, - деген Дулати университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы университет басшылығына және жиынға қатысушыларға бұндай мәселелерге өте тиянақты қарауды, суицид тақырыбында білімгерлер арасында жиындар, кездесулер өткізе отырып, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізуді тапсырды.

Жиынға қатысып отырған проректорлар мен декандар және оқытушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікірлер алмасты.

Прочитано 38 раз