Версия для печати

БАЛ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ

Дулати университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының ғалымдары Жамбыл облысындағы «Джамбульский мед» ЖШС директоры Ольга Чухаловамен кездесті. Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Коммерцияландыру бөлімі.

Кездесу барысында «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Зияева және аға оқытушы, магистр Асель Карабаева кәсіпорынның өндірістік базасында шығарылатын өнімдермен танысты.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға, оның ішінде балдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғылыми сүйемелдеу мен сараптама қажеттігін атап өтті. Кәсіпорын өкілдері өндірістік процестерді жетілдіру, өнім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және инновациялық технологияларды енгізу бағытында университет ғалымдарымен бірлескен жұмыс жүргізуге қызығушылық танытты.

Кафедра ғалымдары кәсіпкермен екі жақты келісім шарт негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс білдірді. Нәтижесінде, тараптар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізу туралы келісімге қол жеткізді.

Екіжақты ынтымақтастық аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, ғылыми зерттеулерді өндірістік тәжірибеде қолдануға, экологиялық таза әрі сапасы жоғары отандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Университет тарапынан ұсынылған ғылыми сүйемелдеу кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің инновациялық экономикасының дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

бал1111

 

 

Прочитано 42 раз