Жамбыл облыстық инновациялық және технологиялық даму хабының қолдауымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) жобаларының жетекшілері мен жауапты ғалымдарына арналған семинар-тренинг өтті.
Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Коммерцияландыру бөлімі.
Семинар мақсаты – университет ғалымдары мен зерттеушілерінің ғылыми әзірлемелерін нарыққа шығару жолдарын түсіндіру, стартап-жобаларды дұрыс рәсімдеу және оларды заңды тұлға ретінде тіркеу процесімен таныстыру.
Семинар барысында қатысушыларға стартап-компанияларды құру, оларды Әділет органдарында тіркеу, бизнес-жоспар дайындау, зияткерлік меншік нысандарын қорғау және лицензиялық келісімшарттар жасау мәселелері бойынша толық ақпарат ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар-тренинг университет ғалымдарының зерттеу нәтижелерін өндіріс пен кәсіпкерлік ортаға енгізуге, ғылыми әзірлемелерді инвестиция тартуға дайын жобаларға айналдыруға ықпал етпек. Алдағы уақытта да инновациялық жобаларды қолдау мен стартап-жобаларды дамыту бағытында тұрақты шаралар өткізу жоспарланып отыр.