Версия для печати

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СУРЕТШІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЛЕНЭРДЕ БАС ҚОСТЫ

7-12 қыркүйек аралығында Халықаралық Еуразиялық жоба және «Қазақстандағы туризм жылы» аясында Қытай Халық Республикасының Мәдени орталығы мен Қазақ автономиялық округінің қолдауымен халықаралық пленэр өтті. Басқосуға Қытай мен Қазақстанның белгілі суретшілері қатысты.

Пленэр қорытындысында «Іледегі сұлулық және жарасымдылық» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Іле өңірінің әсем табиғатын бейнелейтін туындылар қойылып, екі ел суретшілері арасында картиналарды сыйға тарту рәсімі және дөңгелек үстел өткізілді. Жобаға М.Х.Дулати университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі Кошкинбаева Н.Р., аға оқытушылар Таджибаева Ж.С. және Ахметов С.Т. шақырылды. Қазақстандық қатысушылар екі ел арасындағы мәдени және шығармашылық байланысты дамытуға үлес қосып, халықаралық сертификаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.

Шара соңында Дулати университетінің ұстаздары ұйымдастырушыларға және әріптестеріне алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

кытай1111

кытай222

кытай3333

 

Прочитано 64 раз