Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ КҮНІ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен «Академиялық ұтқырлықтың ақпараттық күнін» Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова ашып беріп, білімгерлерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Шара барысында Халықаралық бағдарламалар мен гранттар секторының меңгерушісі Венера Рахымбекова шетелдік серіктес жоғары оқу орындары және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары жайлы толық мәлімет ұсынды.

Студенттер Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдері мен Қазақстанның өзге қалаларында білім алу мүмкіндіктерімен танысып, құжат тапсыру талаптары мен рәсімдері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ, шетелде білім алған студенттердің тәжірибелері тыңдалды.

Жыл сайын Дулати университетінің студенттері Испания, Италия, Малайзия, Индонезия, АҚШ, Қытай, Түркия, Польша, Латвия, Литва, Португалия, Өзбекстан және Ресейдің жетекші университеттерінде білім алып, тәжірибе алмасуда.

Кездесудің соңында Халықаралық ынтымақтастық басқармасының үйлестірушісі Сабит Әнел Бахытқызы ішкі академиялық ұтқырлық пен еліміздегі серіктес жоғары оқу орындары туралы баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Бұл шара студенттердің шетелде ғана емес, еліміздегі серіктес жоғары оқу орындарында да білім алу мүмкіндіктерін кеңінен түсінуге жол ашты.

Академиялық ұтқырлық – жастардың кәсіби дамуы мен әлемдік тәжірибеге қадам басуының маңызды тетігі екені тағы бір мәрте айқындалды.

ака1111

ака2222

ака3333

 

Прочитано 97 раз