Университет қабырғасында Карьера және бизнес серіктестік орталығының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал өкілдері бітіруші түлектерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу мақсаты – студенттерді МӘМС жүйесімен таныстыру, болашақта әлеуметтік медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жастар арасында медициналық сақтандыру мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қор қызметкері Дәурен Бурханов студенттерге университетті аяқтаған соң, жұмысқа орналасқан кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің негізгі қағидалары мен артықшылықтарын түсіндірді. МӘМС азаматтарға сапалы медициналық қызметтерді уақытылы алуға мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау шығындарын тиімді басқаруға жағдай жасайтынын айтты.
Студенттер МӘМС жүйесінің маңызымен таныстырып қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін түсінді. Сонымен қатар, МӘМС жүйесінің артықшылықтарын бағалай отырып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында жас буын толыққанды мағлұматтар алып, өз қызығушылықтарын білдірді. Мамандар қойылған сауалдарға жауап беру арқылы кездесуге қатысып отырған студенттерді әріптес ретінде көргісі келетіндерін жеткізді.