Филология факультетінде студенттер мен құқық қорғау органдары кездесті.
Шара барысында Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінде факультет деканы Г.Б. Исабекова ашып, кәмелет жасқа толмаған студенттер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Жиынға Жамбыл облысы Полиция департаменті ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры А.Ж. Пирматов, №1 полиция басқармасының аға тергеушілері – полиция аға лейтенанттары Н.С. Жақсылық пен Ж. Асылбеков, сондай-ақ Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы А.Б. Ұлтанбаев қатысты.
Кездесу барысында құқықтық тәртіп, жастардың жауапкершілігі және кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етеді және жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.