Версия для печати

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай университет ұжымы ардагер ұстаздарды ұлықтау дәстүрін жалғастырды. Алдымен оқу орнының ардагер ұстаздары мен қызметкерлері ұлттың рухани байлығын дәріптеген ұлы ғалым, университетке есімі берілген М.Х. Дулатидің ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Ардагер ұстаздарға арналған мерекелік дастархан жайылып, ақжарма көңілмен ұйымдастырылған басқосуда үлкендерге сый-құрмет көрсетілді. Университет басшылығы ардагерлерге ыстық ықыласын білдіріп, олардың өнегелі өмір жолы мен ұстаздық қызметін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде ардагер ұстаздар да университет ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздері мен ізгі тілектерін айтты. Олар жастарға білім беруде, ғылымды дамытуда еңбек етіп жүрген әріптестеріне сәттілік тілеп, студенттерге елге адал қызмет ететін азамат болып қалыптасуға үн қатты.

кут111

кут2222

кут333

кут444

кут555

кут6666

 

Прочитано 65 раз