Версия для печати

СТУДЕНТТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенттеріне арналған төтенше жағдайлардың алдын алу профилактикасы бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Бахытжан Өтешов және аға инженер, азаматтық қорғау капитаны Қайрат Алмабек арнайы шақырылды.

Кездесу мақсаты – университетте қауіпсіз орта қалыптастыру, студенттердің төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру және өрттің алдын алу мәдениетін нығайту.

Мамандар студенттерге өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі мен су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты мәлімет беріп, нақты мысалдармен бөлісті.

Кездесу барысында білімгерлерге өрт сөндіргіш құралдарының түрлері мен оларды дұрыс қолдану тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Практикалық бөлім студенттердің ерекше қызығушылығын тудырып, төтенше жағдай кезінде жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдылары артты. Сонымен қатар, мамандар өрт қауіпсіздігін сақтаудағы басты фактор – әрбір адамның жеке жауапкершілігі мен сақтық мәдениеті екенін атап өтті.

Кездесу соңында студенттер қызықтырған сауалдарын қойып, мамандармен еркін форматта пікір алмасты. Білімгер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

11111

22222

3333

 

Прочитано 80 раз