Версия для печати

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды

Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033417, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістерменhttps://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарымен және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарымен (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=kz) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020852, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістермен және толықтырулармен-https://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz).

Сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурстарға ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларының 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Сыйлықақы алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/awards
Мемлекеттік ғылыми стипендия алуға өтінім беру:

https://astanahub.com/ru/l/scholarships

Толық ақпарат:

https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1095104?lang=kk

Прочитано 57 раз