Версия для печати

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!

«Журналистика және филология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы қазақ тілінің дамуына және оның қоғамдағы мәртебесін арттыруға қосқан елеулі еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапатталды.

Марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов табыстады.

Күлзинат Мейрамбайқызы – филология және журналистика саласында көп жылдан бері табанды еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Ол жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, білімге деген ынтасын арттыруға ерекше үлес қосып келеді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі Күлзинат Мейрамбайқызының қазақ тілін дамыту жолындағы табанды еңбегіне, жастар арасында тілге деген құрметті қалыптастыруға қосқан үлесіне берілген жоғары баға болып табылады.

Марапат иесін құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз – талай жасқа өнеге, тіл мен білімге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мол қуаныш пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Прочитано 53 раз