Әлеуметтік жұмыс басқармасы Жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен №1 жатақханада кәмелет жасқа толмаған студенттер арасында қауіпсіздік сақтау және алдын алу шаралары өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Пирматов Азат Жанабекұлы, Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік өкіл Багжанов Даурен Ораевич және 70-ке жуық студент қатысты.
Кездесу мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жатақханадағы қауіпсіз орта қалыптастыру.
Кездесу барысында мамандар жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жеке қауіпсіздікті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды кеңестер беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

