Версия для печати

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Ахмедов Ахмед Абдужамалович еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген пара дзюдо және самбо спортшысы.

Соңғы жылдардағы жетістіктері:

  • 2020 жыл – Қазақстан кубогының 1-орын иегері;
  • 2021 жыл – Халықаралық гран-при турнирінде 2-орын;
  • 2022 жыл – Азия ойындарында 3-орын;
  • 2023 жыл – Самбодан Азия чемпионы;
  • 2025 жыл – Самбодан Азия чемпионатында 1-орын;
  • 2025 жыл – Қазақстан Республикасы чемпионатында 2-орын.

2025 жылдың 8 қарашасы күні Астана қаласында өткен пара дзюдодан Азия чемпионатында спортшы тамаша нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды!

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

спорт1111

 

 

Прочитано 37 раз