ХАБАРЛАНДЫРУ!

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Халықаралық  ынтымақтастық басқармасының басшысы бос лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • -жоғары білім(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім);
  • - бейіні бойынша бакалавриатты бітіргені туралы диплом;
  • -тиісті салада жұмыс істеу дағдыларымен бейін бойынша  басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі  5 жылдан кем емес; 
  • - мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру (ағылшын, қытай  тілдері) ;
  • - университеттің жұмыс үрдісінде қолданылатын бейін бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалана білу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген  тұлғалар  келесі құжаттарды қоса береді:

  • - «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;
  • - кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
  • - жеке куәлік көшірмесі;
  • - өмірбаян;
  • - резюме;
  • - соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
  • - еңбек қызметін растайтын құжат ;
  • - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
  • - жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
  • - біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • - ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
  • - соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • - әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама;
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Наркологиялық ұйымның анықтамасы;  
  • - конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  • - халықаралық  ынтымақтастық басқармасының даму бағдарламасы туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2025 жылғы  11 қараша мен  20 қараша  аралығында. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімге дейін  080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, № 13,  102 бөлмеге  персоналды басқару қызметіне тапсыру қажет, тел. 8-(7262)-43-27-77, e.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Прочитано 72 раз
Top