М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Халықаралық Coursera білім беру платформасында алғашқы онлайн курсын іске қосты. Жаңа курс – «Философияның іргелі тұжырымдамалары» деп аталады.
Курстың авторы – ф.ғ.к., «Философия және саясаттану» кафедрасының профессор м.а. Нурадин Г.Б.
Ашық форматта ұсынылған курс философия негіздері мен сыни ойлау дағдыларын меңгергісі келетін студенттерге, оқытушыларға және кең аудиторияға арналған.
Жоба университеттің цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды қадамы болып табылады. Курсты әзірлеу кезінде оқытушыға әдістемелік және техникалық тұрғыдан қолдау көрсеткен онлайн оқыту бөлімінің мамандарына алғыс білдірілді.
Дулати университеті өз білім беру әлеуетін халықаралық деңгейде таныстырып, әлемдік онлайн білім беру кеңістігіне қадам басты.
