ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН СӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ КӨРСЕТІЛДІ

Университет қабырғасында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Костюм және визаж арқылы мәдениеттер еліне саяхат» тақырыбында тәжірибелік ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің сахналық костюм, визаж және мәдениетаралық өнер саласындағы дағдыларын жетілдіру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шараға қатысқан студенттер Қазақстан, Жапония, Үндістан, Италия және Араб елдерінің мәдениетін таныстырды. Әр елдің ұлттық киімдері сахнада сән көрсетілімі ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, дәстүрлі тағамдар таныстырылып, студенттер ән мен би арқылы өз мәдениеттерін паш етті.

Көрермендер мәдениеттердің әртүрлілігі мен бірегейлігін көзбен көріп, ұлттық дәстүрлер мен заманауи сахналық элементтердің үйлесімін бағалады. Ашық сабақ студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, халықаралық мәдениеттерді түсінуге және әр елдің өнерін таныстыруға мүмкіндік берді.

Кеш соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

сан1111

яп2222

сан3333

сан4444

сан5555

сан66666

сан77777

 

Прочитано 31 раз
Top