Ақпарат және медиакоммуникация орталығының баспасөз хатшысы Жанұзақ Диана Аралқызы және тілшісі Әшірқұл Әнел Ержанқызы Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі атанды.
Бұл мәртебе мамандардың журналистика саласындағы табанды еңбегін, кәсіби шеберлігін және шығармашылық қабілетін мойындаудың айқын белгісі болып табылады. Диана Аралқызы мен Әнел Ержанқызы университеттің медиа саласын жаңашыл тәсілдермен дамытуға белсенділік танытып, ақпаратты сапалы, нақты және уақытылы жеткізуде елеулі үлес қосып келеді. Олардың тәжірибесі мен шығармашылық шешімдері университеттің беделін арттыруға және студенттер мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшелігі – бұл кәсіби қауымдастықтағы сенім мен абыройдың белгісі және әр журналист үшін өз орнын қалыптастыру және кәсіби дамудың маңызды қадамы.
Қызметкерлерді құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби өсу жолында жаңа белестер тілейміз!


