Версия для печати

«М.Х.ДУЛАТИ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет мұражайында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында «М.Х. Дулати мұрасы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия мақсаты – облыс пен университет тарихымен танысуға келген мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын жан-жақты түсіндіру.

Экскурсия барысында оқушылар QR-кодпен жабдықталған заманауи экспозицияда жәдігерлерді зерттеп, смартфон көмегі арқылы олардың тарихымен танысты. Әр жәдігерді қолмен ұстап, өткен шаққа саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, М.Х. Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар мен тарихи фотосуреттерге қызығушылық білдірді.

Экскурсия соңында білімгерлер рухани азық алып, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.

мура1111

мура2222

мура33333

 

Прочитано 24 раз