Версия для печати

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ!

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Фериде Яшарқызы еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген талантты дзюдошы.

Соңғы жылдардағы жетістіктері:

  • 2020 жыл – Қазақстан Республикасының чемпионаты, Астана — 1 орын
  • 2021 жыл – Әлем чемпионаты, Франция — 7 орын
  • 2022 жыл – XXIV Сурдлимпиада ойындары, Бразилия — қола жүлде
  • 2022 жыл – III Спартакиада, Шымкент — 1 орын
  • 2022 жыл – Қазақстан кубогы, Павлодар — 1 орын
  • 2023 жыл – Қазақстан кубогы, Ақтөбе — 1 орын
  • 2023 жыл – Азия–Тынық мұхиты чемпионаты, Бішкек — күміс жүлде
  • 2023 жыл – Қазақстан кубогы, Теміртау — 1 орын
  • 2024 жыл – Қазақстан чемпионаты, Тараз — 1 орын
  • 2024 жыл – Қазақстан кубогы, Астана — 1 орын
  • 2024 жыл – Республикалық турнир, Семей — 1 орын
  • 2024 жыл – Әлем чемпионаты, Түркістан — қола жүлде
  • 2024 жыл – Азия–Тынық мұхиты чемпионаты, Малайзия — жеке және командалық есепте күміс жүлде
  • 2025 жыл – Қазақстан чемпионаты, Семей — 1 орын
  • 2025 жыл – Қазақстан кубогы, Ақтау — 1 орын

Сонымен қатар, сурдлимпиада ойындарының дзюдодан командалық сайысында ел құрамасы алтын және күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлде иеленді. Жеңіс тұғырына көтерілген команда құрамында Жамбылдық спортшы Фериде Яшарқызы да бар! Жеңімпазды құттықтап, алдағы уақытта биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

 

Прочитано 69 раз