Print this page

АЛБИОНДА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университетіміздің ғалымдары “Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі” атты 2024–2026 жылдарға арналған гранттық жоба аясында Ұлыбританияның Ковентри қаласына іс-сапармен барды.

Ғалымдар Уорвик университетінің философия факультеті ұйымдастырған “Warwick Continental Philosophy Conference 2025” атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияның тақырыбы – “Thinking Intentionality” (Менталды ойлау). Университет ғалымдары “Mental Intention as a Phenomenological Method of Philosophical Practice” атты ғылыми мақалаларын ұсынып, баяндамаларын сәтті қорғады.

Жоба жетекшісі Г. Б. Нұрадин конференция аясында Оксфорд университетінің өкілі Asia Sakchatchawan, Уорвик университетінің профессорлары David Bather және Lorenzo Sereni сынды танымал ғалымдармен ғылыми пікір алмасып, зерттеу жұмысының өзекті бағыттарын таныстырды. Шетелдік мамандар тарапынан жобаның маңыздылығы жоғары бағаланып, болашақта бірлескен ғылыми ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен қатар, университет өкілдері Лондон қаласындағы King’s College London базасында өткен “The Education Conference 2025” атты халықаралық конференцияға қатысты. Аталған шарада Adam Fagan және Tansy Jessop сынды профессорлар мен жетекші сарапшылар сөз сөйлеп, заманауи оқыту әдістер, студенттердің жетістігі, академиялық тәжірибе және цифрлық трансформация мәселелерін талқылады.

Сапар соңында ғалымдар халықаралық ғылыми кеңістікке белсенді интеграциялануына, сондай-ақ, жаһандық деңгейде тәжірибе алмасу секілді мүмкіндіктерге ие болды.

 

Read 256 times