Print this page

ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Университетте Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастамасымен маңызды кездесу өтті.

Кездесуге университеттің Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономика жөніндегі орынбасары Айдар Абдыкадыров және өңірлік кәсіпкер, «Джамбульский мед» ЖШС директоры Павел Чухалов қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — құны 350 млн теңге болатын коммерцияландыру жобасына қатысу аясында өңірді сапалы бал өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша әріптестік орнату.

Жоба шеңберінде бал арасын өсіру мен бал өндіру технологияларын жетілдіру арқылы экологиялық таза әрі жоғары сапалы өнім өндіру көзделген. Осы мақсатта университет ғалымдары мен «Джамбульский мед» ЖШС арасында екіжақты келісімшарттар жасалып, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар жоба аясында ғылыми идеяларды нақты өндірістік шешімдермен ұштастырып, өңірлік ауыл шаруашылығын дамытуға, өнім сапасын арттыруға және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізуге ниетті.

Бұл бастама — ғылым, кәсіпкерлік және өндіріс арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болмақ.

Read 37 times